Алматы облысында баланы қағып, қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды
Ал Алматы облысы, Көкөзек ауылында 6 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен 42 жастағы жүргізуші ұсталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 4 шілде күні ауыл дүкендерінің бірінің жанында болған. Lexus RX 300 көлігінің жүргізушісі артқа шегінген кезде, велосипед теуіп жүрген баланы байқамай, соғып кеткен. Еш көмек көрсетпестен, оқиға орнынан кетіп қалған. Ал жеткіншек жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды. Осыған дейін күдіктінің полиция қызметкері болуы мүмкін деген ақпар тараған. Алматы облысы Полиция департаменті оның апат болғанға дейін жұмыстан босатылғанын хабарлады. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16