Тарбағатай өңірінде сақ дәуірінің әшекей бұйымдары табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарбағатай өңірінде сақ дәуірінің әшекей бұйымдары табылды

20.07.2018

Мамандардың айтуынша, «Елеке сазы» үстірті сақ мемлекетінің саяси орталығы, ал, биік таулы Тарбағатай баурайы жайылым жері болған. Ғалымдар «Елеке сазы-2» үстіртінде шамамен 200-ден аса қорған барын айтады. Аталмыш ескерткішті археологтар біздің дәуірімізге дейінгі 7-8 ғасырларға жатқызып отыр. Қазба жұмыстарының нәтижесінде көптеген алтын бұйымдар табылған. Сонымен қатар, құрбандыққа шалынған жануарлардың бас сүйектері де көздеседі. Қазақстан өңірінде табылған бұл бағалы заттар төңірегіндегі зерттеу жұмыстары әрі қарай да жалғасын таппақ. Зерттеушілердің пайымдауынша, аталған аймақта алтын адамның табылуы да ғажап емес.

Зейнолла Самашев, Ә.Марғұлан атындағы Археология институты Астана филиалының бас ғылыми қызметкері:

- Үлкен жұмысты бастадық. Биылғы жылы 3 қорған зерттеледі. Соның үшеуінде қазу жұмыстары жалғасып жатыр. Солардың біреуінен, мінекей, тамаша бұйымдар шығып жатыр.

 

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу