Астанада тағы да жолаушылар автобусы апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада тағы да жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

04.07.2025

Астанада тағы да жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 3 жолаушы қалалық ауруханада алғашқы көмек алған соң үйіне жіберілді. Ал травматология орталығына жеткізілген жолаушының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, дейді дәрігерлер. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеп, тексеру амалдары басталды. Полиция департаментінің алдын ала мәліметінше автобус жүргізушісі қиылыста «Форд» жеңіл көлігіне жол бермей, көлік апатына себепкер болған.

Тура 1 ай бұрын дәл осы Астанада жолаушылар автобусының қатысуымен жол апаты болған еді. 15 адам зардап шегіп, 7 жасар қыздың екі аяғы да ампутацияланған. Қазір Алуа Бекен Ұлттық оңалту орталығында ем алып жатыр. Полиция қозғаған қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу