Қазақстанға Қатардан тартылған инвестиция 18 есе өсті
Былтыр Қатардан Қазақстанға 156 млн доллардан астам инвестиция тартылды. Бұл былтырғы сомадан 18 есе көп. Екі ел арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комитеттің отырысында байланысты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Отырыста көлік және логистикадағы әріптестікті дамытуға айрықша назар аударылды. Әсіресе Каспий теңізіндегі порт инфрақұрылымын жаңғыртып, жүк терминалдарын салумен бірге Орта дәлізді бірлесіп дамытудың маңызы айтылды. Қазақстандық тарап катарлық инвесторларды осындай жобаларға қатысуға шақырды.
Арман Қасенов, Ұлттық жкономика вице-министрі:
Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 20 млрд АҚШ долларын құрайды деп болжануда. Бұл өте үлкен сома. Маңызын атап өтетін жайт - іске асырылатын жобалар жоғары қосылған құны бар және экспорттық әлеуеті жоғары салаларда, атап өткенде шикізатты терең өңдеу салаларында жүзеге асырылады.
Дархан Әбдухалит
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді
10.04.2026, 21:19
Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
10.04.2026, 20:44
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10.04.2026, 20:43
Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
10.04.2026, 20:42
TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
10.04.2026, 20:41
Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
10.04.2026, 20:39
Ұлттың үнбайрағы «Shalqar» радиосына – 60 жыл
10.04.2026, 20:37
ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
10.04.2026, 20:35