Алаяқтық жасады деген күдікті Дубайда ұсталды
Алаяқтық жасады деген күдікті Дубайдан Қазақстанға жеткізілді. Тергеу дерегінше, ол 2022-23 жылдары Алматыда «Wildberries» компаниясына инвестиция салуға көмектесемін деп 6 адамды алдаған. Сыйақы беремін деп сендірген ол жәбірленушілерден қыруар ақша алған. Осы жымысқы әрекетінен кейін күдікті бой тасалап, екі жыл бойы халықаралық іздеуде болған. Биыл сәуірде Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталып, елге экстардицияланды. Айыпталушы қазір тергеу изоляторында. Бас прокуратура өкілдерінің ақпаратынша, оның кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16