Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев 12 жылға сотталды
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі әрі «Қазселденқорғау» мекемесінің экс-басшысы Кәрім Көкірекбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оның өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығы шектелді. Алматы облысы сотының ақпарынша, бұл іске оның бұрынғы орынбасары Әділет Ахатаев пен мердігер компания басшысы Андрей Поплавскийдің де қатысы бар. Сондықтан олар 11 жылға сотталды.
Еске салсақ, экс-шенеунік пен кәсіпкер атқарылмаған құрылыс жұмыстары үшін жалған құжаттарға қол қойып, ірі көлемде пара алған. Нәтижесінде мемлекетке 2 миллиард теңгеге жуық залал келтірді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16