Қостанайда арнайы орталықта 9 жасар баланың қолы сынған
Қостанайда ерекше күтімді қажет ететін тағы бір бала қолы сынып, ауруханаға түсті. Бұл арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы осымен екінші жағдай. Бұған дейін 17 жастағы жасөспірімді мекеме қызметкері үтік басып, күйдірген еді. Бұл жолы аутизмге шалдыққан 9 жастағы тәрбиеленушіні санитар маман жұлқып палатадан шығарғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Өзінің айтуынша, жөргегін ауыстыруға тырысып, басқаларын оятпас үшін, ойын бөлмесіне апармақ болған, ал бала қолын әжетханада жерге отырып қалып, абайсызда сындырып алған. Полиция аталмыш дерек бойынша іс қозғады.
Бауыржан Құсаинов, Қостанай облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары:
Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың әрекеттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16