Шығыс Қазақстан облысында 76 ауылда жаңадан тартылған ауызсу құбыры станциялары ешбір коммуналдық мекеме қарамағына алынбаған. Бұл нысандар мемлекеттік бағдарламамен 2019-2024 жылдары салынып, қазір ел игілігін көріп отыр. Алайда ешбір мекеменің иелігінде болмағандықтан, бүгінге дейін судың тарифі де бекітілмеген. Яғни, халық суды тегін алып отыр. Ал 114 ауылда салынған блок-модульді станциялар арқылы көрсетілетін қызметке қатысты тариф те әлі күнге дейін анықталмаған. Мемлекеттің миллиардтаған қаржысына тартылған құбыр жарылып, су мұнаралары істен шықса, оны қандай мекеме жөндейтіні де белгісіз. Ауызсуы бар, бірақ орталық құбыр мен модульді станциялардың иесі жоқ ауылдар Алтай, Зайсан, Катонқарағай және Глубокое аудандарында.
Динара Ақылбаева, ШҚО энергетика ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:
Осы мәселелерді шешу үшін бүгінгі күнге әкімдіктерге жылдың соңына дейін сенімді басқаруға беру тапсырылды және тарифтерді бекіту тапсырылды. Қазіргі таңда бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатыр.
Олжас Керейхан
