Жамбыл облысында балалар астан ұшынған балабақша басшысына айыппұл салынды
Жамбыл облысында бүлдіршіндер жаппай астан ұшынған жекеменшік балабақша басшысына 1 млн 300 мың теңге айыппұл салынды. Мектепке дейінгі мекемеде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың өрескел бұзылғаны анықталды. Айта кетейік, оқиға биыл наурыз айында Меркі ауданында болды. Астан уланған 14 бала ішек инфекциясымен ауруханаға түсіп, емделіп шықты.
Айман Ахметова, Меркі аудандық сотының судьясы:
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында заңнама талаптары бұзылған. Бұл факт сотта өз дәлілін тапты. Сонымен қатар аталған мекеме өкілі сотта кінәсін толығымен мойындап, бүгінгі таңда барлық кемшілік жойылып, білім беру орталығы өз жұмысын жалғастырып отырғанын атап өтті.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16