Алматы облысында қабаған иттер талаған 10 жасар жеткіншек балалар ауруханасына ауыстырылды
Алматы облысында қабаған үш ит талап тастаған 10 жасар жеткіншек облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Дәрігерлер баланың жансақтау бөліміне жатқызылғанын, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты екенін хабарлады. Жеткіншекпен және оның анасымен клиникалық психолог жұмыс істеген. Ал Алматы облыстық полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған «баланы иттерден құтқарған зейнеткер Серікбек Сахайбеков жауапкершілікке тартылды» деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. Аталған азаматқа қатысты ешқандай процессуалдық шешім қабылданбаған.
Меруерт Морякова, Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі:
Кәмелетке толмаған баланы қабаған иттердің шабуылынан құтқарған азаматтың әрекеті қолданыстағы заңнама нормаларын бұзбайды. Сотқа дейінгі тергеу аясында иттің иесінің әрекеті жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға беріледі. Қандай да бір заң бұзушылық белгілері анықталса, ол заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16