Қызылордада бүлдіршіндерді тасымалдаған балабақша көлігі апатқа ұшырады
Қызылордада балабақша бүлдіршіндерін тасымалдаған көлік жол апатына ұшырады. Машинада екі қызметкер мен 4 бала болған. «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлігі автобуспен соқтығысқан. Салдарынан ауыр дене жарақатын алған екі бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Сондай-ақ балабақша тәрбиешісінің көмекшісі де ауыр хәлде ауруханаға жатқызылған. Қазір құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Гүлнұр Өксікбаева, облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат пунктіне 4 бала келіп түсті. Екі баланың жағдайы тұрақты болып, балалар толығымен тексеруден өтіп, амбулаторлық түрде дәрігерлердің бақылауына қайтарылды. Екі баланы жансақтау бөліміне көтердік. Қазіргі таңда ем алуда, жағдайы ауыр, тұрақсыз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16