Қызылордада бүлдіршіндерді тасымалдаған балабақша көлігі апатқа ұшырады
Қызылордада балабақша бүлдіршіндерін тасымалдаған көлік жол апатына ұшырады. Машинада екі қызметкер мен 4 бала болған. «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлігі автобуспен соқтығысқан. Салдарынан ауыр дене жарақатын алған екі бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Сондай-ақ балабақша тәрбиешісінің көмекшісі де ауыр хәлде ауруханаға жатқызылған. Қазір құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Гүлнұр Өксікбаева, облыстық Балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат бөліміне 4 бала келіп түсті. Екі баланың жағдайы тұрақты болып, ол балалар қаралып толығымен тексеруден өтіп, амбулаторлы түрде дәрігерлердің бақылауымен қайтарылды. Екі баланы жансақтау бөліміне көтердік. Қазіргі таңда ем алуда, жағдайлары ауыр тұрақсыз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да электр желісінің 80 пайызы тозып тұр
10.12.2025, 20:58
Отандық фильм көрерменге жол тартты
10.12.2025, 20:46
Бүгін – халықаралық Адам құқықтары күні
10.12.2025, 20:46
Астанада ертең де аяз болады
10.12.2025, 20:39
Электрлі самокатпен ереже бұзғандарға айыппұл көлемі белгілі болды
10.12.2025, 20:38
Мектептегі жаңа ас мәзірі
10.12.2025, 20:32
Аяз, көктайғақ, кептеліс: Қалада көлік қозғалысы қиындады
10.12.2025, 20:29
Әлем жаңалықтарына шолу
10.12.2025, 20:09