О.Бектенов: Президенттің тапсырмасымен сумен жабдықтау бойынша 230-ға тарта жоба іске асырылуда
Ауылдарға таза су жеткізу жобалары созылып кетті. Кеше Үкімет басшысы Олжас Бектенов жауапты министрлерді осылай деп сынға алды. Өнеркәсіп және құрылыс министрінің мәліметі бойынша, қалаларда тұратын халықтың 99,3 пайызы, ал ауылдағы ағайынның 97,5 пайызы таза ауызсумен қамтылған. Биыл республикалық бюджеттен және Арнаулы қордан сумен жабдықтау бойынша 442 жобаны іске асыруға 183 млрд теңге бөлінді. Ұзындығы 8,5 мың шақырымнан асатын қолданыстағы желілерді реконструкциялау және кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазір Ұлттық су ресурстары ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету – ол өте маңызды міндеттердің бірі. Ол Мемлекет басшысының тікелей бақылауында тұр. Қажетті қаражат республикалық бюджетте көзделген. Сонымен қатар заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару жөніндегі Президент тапсырмасы аясында сумен жабдықтау бойынша 230-ға тарта жобаны іске асыру үшін Арнаулы мемлекеттік қордан қосымша 160 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16