Қызылорда қаласында 2 жасар сәби балабақшада ыстық суға күйіп қалған
Қызылорда қаласында 2 жасар сәби балабақшада тәрбиеші мен көмекшісінің салғырттығынан ыстық суға күйіп қалған. Баланың денесінің біраз бөлігін термиялық күйік шалған. Сот-медициналық сараптама денсаулығына ауыр зардап келгенін анықтады. Қазір бүлдіршін ауруханадан үйіне шығарылды. Алайда кінәлілер әлі заң алдында жауапқа тартылған жоқ дейді анасы.
Айнұр Айдарбекова, қала тұрғыны:
Түнімен ұйықтамайды. Тек қана супрастинмен, ұйықтатын, қышуын басатын дәрілермен ұйықтайды. Сосын түнімен шошынады. Бала күтуші мен тәрбиеші өз еркімен жұмыстан босатылды. Біз оған көнбейміз. Негізі балабақша жабылады деген. Бірақ білмейміз, жабылды ма?
Осы жағдайға байланысты облыстық Білім басқармасы тарапынан арнайы комиссия құрылып, «Сыр болашағы» жеке балабақшасына зерделеу жүргізілді. Нәтижесінде бірқатар кемшілік анықталып, бөбекжайға мемлекеттік тапсырыс аясында қаржылдандыру тоқтатылды. Ал тәрбиеші мен бала күтушіге қатысты қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27