ШҚО-да «Келешек мектептері» жобасымен бірнеше нысан салынуда
Шығыста «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша былтыр 5 мектеп толық жасақталып, ел игілігіне берілді. Қазір тағы екеуі салынып жатыр. Өскемендегі 600 орындық білім ошағының құрылысын Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров барып көрді. Былтыр басталған құрылыстың негізгі бөлігі аяқталған. Енді ішін әрлеп, құрал жабдықтарын қою қалған. Бұл «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасына енген өңірдегі ірі әлеуметтік жобалардың бірі. Сондықтан депутаттар мердігер мекеме жетекшілеріне партиялық қадағалаудың қатаң болатынын ескертті.
Ерлан Саиров, Мәжіліс депутаты:
Құрылыс жүріп жатыр. Дегенмен де осы құрылыстың жылдамдығына деген белгілі бір сұрақтар бар. Енді біз тамыз айында келіп, бұл нысанды тағы бір тексеріп кететін боламыз. Ең негізгісі, қазір мемлекет ақшаны уақытында бөліп жатыр. Сондықтан құрылыс сапалы және уақытында болуы керек.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16