Қызылорда балабақшасында 2 жастағы бүлдіршін ыстық суға күйіп қалған
Қызылорда қаласында 2 жастағы бүлдіршін балабақшада тәрбиеші мен көмекшісінің салғырттығынан ыстық суға күйіп қалған.
Баланың денесінің біраз бөлігін термиялық күйік шалған. Сот-медициналық сараптамада денсаулығына ауыр зардап келгенін анықтады. Қазір бүлдіршін ауруханадан үйіне шығарылды. Алайда кінәлілер әлі заң алдында жауапқа тартылған жоқ дейді анасы.
Айнұр Айдарбекова, қала тұрғыны:
Түнімен ұйықтамайды. Тек қана супрастинмен, ұйықтатын дәрілермен, қышуын басатын дәрілермен ұйықтайды. Сосын түнімен шошынады. Бала күтуші мен тәрбиеші өз еркімен жұмыстан босатылды. Біз оған көнбейміз. Негізі балабақша жабылады деген. Бірақ білмейміз, жабылды ма?!
Осы жағдайға байланысты облыстық Білім басқармасы тарабынан арнайы комиссия құрылып, «Сыр болашағы» жеке балабақшасына зерделеу жүргізілді. Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталып, бөбекжайға мемлекеттік тапсырыс аясында қаржылдандыру тоқтатылды. Ал тәрбиеші мен бала күтушіге қатысты қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16