БҚО-да қайтарылған активтер есебінен 14 медициналық мекеме салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да қайтарылған активтер есебінен 14 медициналық мекеме салынады

01.07.2025

Батыс Қазақстан облысында қайтарылған активтер есебінен 14 медициналық мекеме салынып жатыр. Әлеуметтік нысандар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында тапсырылады. Бұл жобалар 14 мыңнан астам ауыл тұрғынын сапалы медициналық қызметпен қамтуға мүмкіндік береді. Енді шалғайдағы ауыл халқы қала мен аудан орталығына сабылмай, қажет ем-шараны өз елді мекендерінен алады. Жаңа нысандардың қатарында 5 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт және 3 медициналық пункт бар. Нысандар Ақжайық, Бәйтерек, Жаңақала, Сырым, Бөрлі аудандарында бөй көтеріп жатыр. Ұлттық жоба бойынша өңірде соңғы бес жылдың ішінде 50 медициналық мекеме қолданысқа берілмек. Сондай-ақ қалада 400 орындық №8 мектеп құрылысы салынып жатыр.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу