Астаналық түлек ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинады
Астаналық мектеп түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинады. «Білім-инновация» мектебінің оқушысы қосымша пән ретінде дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі пәндерін таңдаған. Жанайым Рашит халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқуды жоспарлап отыр. Халықаралық IELTS емтиханынан 7.5 ұпай алып, өз білімін әлемдік деңгейде дәлелдеген.
Жанайым Рашит, мектеп түлегі:
Ең алғаш көрген кезде шынымды айтсам, өзім біртүрлі сене алмадым. Қуанғаннан кішкене айқайлап та жібердім, сол жерде кішкене ұялып та қалдым. Сосын бірден жүгіріп шығып, анамды құшақтап, қуанышымды білдірдім. Енді менің ең бірінші кеңесім, дайындықты барынша ертерек бастау. Ертерек бастап, материалдармен танысуға кеңес беретін едім. Ең бастысы ол – берілмей мақсатына жете беру керек. Өзіңе керекті бір лайфхактарды тауып, өзіңнің темпіңді табу керек.
Жанел Нұрболат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27