Гватемала өзендерін тонналаған қоқыстан арши бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гватемала өзендерін тонналаған қоқыстан арши бастады

27.06.2025

Гватемалада қоқыс үлкен проблемаға айналды. Түрлі қалдықтар жергілікті экожүйені әдбен ластап, табиғатты қалпына келтіру жолдары іздестіріліп жатыр. Әсіресе Гватемала мен Гондурас арасындағы ахуал қиын. Мұнда өзендерге 10 миллион келіден астам қоқыс орталықтағы жазықтықтан төгіле жаздаған. Оны тоқтату үшін қоқысқа бөгет ойлап табуға тура келді. Ұзындығы 158 метр болатын бұл барьерге жиналған қоқысты еріктілер ауыр техникамен сұрыптауға, қайта өңдеуге жөнелтіп жатыр. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу