Астанада «Көшпенділер әлемі» фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Көшпенділер әлемі» фестивалі өтті

02.07.2018

Астанада «Көшпенділер әлемі» атты халықаралық фестиваль бар сән-салтанатымен өтті. «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде келушілер көшпенділер руханиятының куәсі болды. Фестивальға 7 мемлекет: Венгрия, Болгария, Түркия, Украина, Ресейдің Башқұртстан мен Якутиясынан, Қырғызстан және Қазақстаннан өнерпаздар қатысты. Шара шерумен ашылды. Әр ел әскери өнерінен қойылым көрсетті. 7 ауылға бөлінген ақшаңқан киізүйлерде ежелгі халықтың тұрмыс-тіршілігі, қолөнері, ас әзірлеу әдісі паш етілді. Ұлттық ойындар ойнатылып, этноәуендер әуеледі.

Гауһар Жеңісбек, «Kazakh Tourizm» ҰК» АҚ департаментінің басшысы:

- Ең басты мақсатымыз - туризмді дамыту. Дүниежүзіне ұлттық дәстүрлерімізді танымал ету. Басқа шетелдерден бізге қызықты іс-шаралар әкелу.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу