Маңғыстауда «Келешек мектептері» жобасымен 4 білім ордасы ашылды
Маңғыстауда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында былтырдан бері 4 білім ордасы пайдалануға берілді.
Оның біреуі Мұнайлы ауданында, қалғаны Ақтау қаласында. Білім беру ұйымдары заман талабына сай салынған. Мысалы Ақтаудағы №33 жалпы білім беретін мектеп 1200 орындық. Мұнда оқу кабинеттері әр пәнге лайықты жабдықталған. Электронды кітапхана, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивті сыныптар ашылған. Айта кететін жәйт, осы мектеп ашылған соң, қаладағы бірнеше білім беру мекемесінің жүктемесі азайды.
Бексұлтан Майрамов, №33 жалпы білім беретін мектеп директоры:
№19 мектеп-гимназиясының жүктемесін азайтты. Яғни ол жерде 3500 бала оқып жатса, қазір мыңға жуық баласы біздің мектебімізде оқып жатыр. Ол мектеп екі ауысымға өтті. Мектебіміздің әлі де болса оқушыларды қабылдау мүмкіндігі жоғары.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05