Алматыда кәсіпкерлерге көмек көрсететін кезекті «Qoldau» акциясы өтті. Мемлекеттік кірістер басқармасында ұйымдастырылған шарада мамандар түрлі сұрақтарымен келген кәсіп иелеріне кеңес берді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді оңай әрі тиімді жолмен алу, цифрлық мүмкіндіктерді қолдану барысы түсіндірілді. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік саладағы бюрократиялық кедергілерді азайтып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, - дейді басқарма мамандары. Бүгінде Алатау ауданы бойынша 10 мыңға жуық заңды тұлға, 49 мың жеке кәсіпкер тіркелген. «Qoldau» акциясы – бизнес иелерінің белсенділігін арттырып, мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыруға арналған бастама.
Әмір Дәркенбаев, Алатау ауданы бойынша МКБ бөлім басшысы:
Көп келіп жатқан мәселелер: ИП қалай ашады, қалай жабады, кассалық апаратты шешу мәселелері. Салық төлеушілер өздерінің сұрақтарына жауап алып жатыр. Сонымен қатар қосымша біздің телефондарымыз бар арнайы, сол жерде де өздерінің сұрақтарына жауап алса болады.
Жазира Оразқызы
