Парламент жаңа Салық кодексін бекітті
Жаңа Салық кодексі Президенттің қол қоюына жіберілді. Бүгін Мәжіліс Сенаттың ұсынған өзгертулерімен келісті. Құжат бойынша экономиканың әртүрлі секторы үшін сараланған салық саясаты жүргізіледі. Есептілік 30 пайызға қысқарып, бақылау жұмыстары толық цифрланады. Қосылған құн салығын қайтару процедурасы жеңілдеп, бюджетке төленетін міндетті төлемдер 20 пайызға азаяды. Жалпы, жаңа Салық кодексі саланы толық реформалап, елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында әзірленген. Құжат Президент қол қойғаннан кейін 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Парламент Сенаты енгізген өзгерістер қолданыстағы тәсілді сақтауға бағытталған. Сонымен қатар нақтылаушы редакциялық сипатта және Парламент Мәжілісі мақұлдаған нормалардың тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16