Маңғыстау облысында елді мекендер 93% интернетпен қамтылған
Маңғыстауда ауылдық елді мекендер 93 пайыз жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтылған.
Тек Жарма, Сазды, Басқұдық және Аққұдық елді мекендерінде интернет жоқ, 2G байланысы ғана бар. Аталған ауылдарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету үшін «Қолжетімді Интернет» Ұлттық жобасы аясында талшықты-оптикалық байланыс желілері жүргізілмек. Сонымен қатар аймақта республикалық маңызды автожолдарға 13 қондырғы қойылып, жоғары жылдамдықты интернетпен байланыс орнату көзделген.
Әйгерім Аталықова, облыстық Цифрлық технологиялар басқармасының бөлім басшысы:
Қазіргі уақытта 5 антенна діңгектің ЖСҚ-сы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алып отыр. Бұл Бейнеу ауданы және Мұнайлы ауданы. Республикалық автожолдардың бойында 13 антенна діңгекті құрылыс салынғаннан кейін, жоғары жылдамдықпен, байланыспен қамтамасыз етілетін болады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16