Министр: Диқандар судан тапшылық көрмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр: Диқандар судан тапшылық көрмейді

25.06.2025

Елдің оңтүстігіндегі диқандар ағын судан тапшылық көрмейді. Суғару маусымы аяқталғанға дейін Өзбекстаннан жеткілікті мөлшерде су аламыз. Бұл туралы Ташкентке жұмыс сапарымен барған Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрі айтты.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

Қалған уақытта, яғни алдағы 2-3 айдың ішінде біз 1,5 млрд текше метрден астам су келеді деп жоспарлап отырмыз. Бұл дегеніміз бекітілген кестеге сәйкес екі мемлекет арасында жұмыстар жүргізіліп жатыр деп айтуға болады.

Былтыр қазан айынан бері Сырдария өзені арқылы 14,2 млрд текше метр су алдық. Министрдің сөзінше, бұл былтырғымен салыстырғанда едәуір көп. Себебі биылғы жылдың өз ерекшелігі бар. Жаңбыр да, қар да аз жауды. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында вегетациялық кезең 20-25 күндей ерте басталды. Сондықтан көрші елден алатын су мөлшерінің былтырғыдан көбірек болуы заңдылық. Бүгінде шаруа қожалықтарына суды үнемдеу технологиясын көптеп енгізу қажет екенін түсіндіріп жатырмыз,-деді Нұржан Нұржігітов. «Вегетациялық кезеңнің аяқталуына әлі үш айдай уақыт бар. Осы аралықта тіршілік нәрінен тапшылық болмайды»,-деп сендірді ол.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу