Ресейдің Сібір аймағында жүздеген гектар орман өртенуде
Ресейдің шығыс Сібір аймағында орман өртімен күрес жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, Забайкалье өлкесінде 350 гектар жасыл желекті жалын шарпыған. Осыған байланысты Атамановка деревнясының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, тілсіз жаумен күреске 30-дан астам арнайы техника тартылды. Солардың қатарында ұшақтар бар. Өрт сөндірушілердің сөзінше, оттың қаулауына 35 градус аптап ыстық пен қатты жел себеп болған. Әзірге зардап шеккен адамдар туралы мәлімет түскен жоқ.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
PGL ASTANA 2026: Әлемнің үздік командалары елордада бас қосты
15.05.2026, 20:24
800 шебер екі шақырымдық құрақ көрпе жайды
15.05.2026, 20:19
Сәуле Досжанның кітабы оқырманға таныстырылды
15.05.2026, 20:16
Қаскелең өзені қоқыстан тазартылды
15.05.2026, 20:13
Конституциялық реформалар жүйелі іске асып жатыр
15.05.2026, 20:09
Көкшетауда «Отбасы аллеясы» ашылды
15.05.2026, 20:08
Астананың сәні мен сәулетін бақылайтын арнайы кеңес құрылуы мүмкін
15.05.2026, 20:08
«Worldskills Astana-2026» чемпионаты басталды
15.05.2026, 20:06