Мұнай бағасының қымбаттауы Қазақстанға қалай әсер етеді?
Израиль мен Иран арасындағы шиеленістің ушығуына байланысты қазір әлемдік мұнай бағасы тағы да шарықтап кетті. Brent маркалы қара алтын баррелінің бағасы 78 доллардан асып, соңғы екі айдағы ең жоғары шекке жетті. Алайда, бұл қымбатшылық бізге оң ықпал етеді,-дейді экономист Абай Кенжебай. Оның сөзінше, Қазақстан-мұнай экспорттаушы ел болғандықтан оның бағасының өсуі біздің елге тиімді. Бірақ мұнаймен бірге бензин, тасымал және барлық тауар бағамы қымбаттайтынын ұмытпаған жөн. Оған себеп – инфляция.
Абай Кенжебай, экономист:
Негізі ол 85-90-ға дейін жетуі мүмкін. Бірақ одан әрі өсу мүмкіндігі де бар. Ол енді кәдімгі соғысқа байланысты. Соғыстың әсері бар. Инфляцияға әсері бізде мысалы, мұнай бағасы өссе, яғни мұнаймен байланысты тауарлардың барлығы өседі. Соның нәтижесі мысалы бензин өседі, бензиннің нәтижесінде тасымал өседі. Тасымал өссе, жалпы барлық тауарларымыз өсетіні белгілі.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03