Жамбыл облысында химия өндірісінде өсім жоғары
Жамбыл облысында химия өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Биыл жыл басынан бері өндіріс көлемі 152 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52 млрд теңгеге көп. Әсіресе Әулиеата өңірінде минералды тыңайтқыштар өндіруде өсім жоғары. Биыл қаңтар-мамыр аралығында 317 мың тонна минералды тыңайтқыш өндірілген. Ал былтыр бұл меже 174 мың тонна болған. Топырақ құнарлығын арттыратын өнімдер ел нарығынан бөлек шетелге де экспортқа шығады. Сондай-ақ аймақта ақ сары фосфор, ортофосфор қышқылы мен натрий цианидін алу көлемі жылдан жылға жоғарылап келеді.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16