Президенттік жастар кадр резервіне 50 маман қабылданады. Биылғы байқаудың басты ерекшелігі – енді квота әр сала бойынша бөлінеді. Қазір резервке іріктеу кезеңі жүріп жатыр. Үміткердің жасы 35-тен аспауы шарт. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген, жұмыс тәжірибесі 5 жыл болуы керек. Құжаттар онлайн қабылданады. Бүгінге дейін резервке 400 маман өткен. Олар мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жұмыс істеп жатыр.
Жандос Шаймарданов, ҚР Ұлттық Экономика вице-министрі:
Президенттік жастар кадр резервіне алғашқы лекте біздер аудан әкімі қызметін атқарып жүргенбіз. Сол аудандағы, ауылдық жерде жинаған тәжірибемізді осы кадр резерві арқылы Республикалық деңгейде өз тәжірибемізді әрі қарай іске асырып, жоғары деңгейдегі маман болуға ұмытылыс берді.
Жанел Өтеулі
