Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сұрауы жоқ 37 млрд теңге ақша жатыр. Қор өкілдері ақшасын алмай жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады. 37 млрд теңге 264 695 адамның жеке шотында қалған. Оның 148 335- і қайтыс болғандар. 59 800 азамат шетелге көшіп кеткен. 56 560 адам жасына байланысты зейнетақыларын ресімдеу үшін әзірге өтініш бермеген. Ақшаны алу үшін зейнет жасына толған, бірақ өтініш бермегендер халыққа қызмет көрсету орталығына барып, зейнетақыны рәсімдеуі тиіс.
Шетелге көшіп кеткендер керекті құжаттарын жинап, өтініш беруі қажет. Ал қайтыс болғандардың мұрагерлері алты ай ішінде нотариусқа барып, мұрагерлік рәсімдеуі керек. Өтініш мерзімінен асса, сот арқылы жүзеге асырылады.
Айта кету керек, жиналған қаражат зейнетақы салымшыларының жеке шоттарында сақталып, талап етілгенге дейін түрлі салаларға инвестиция ретінде салынады. Бұл ақшаны тиімді пайдалану және қосымша табыс табу үшін жасалып отырған қадам.
Нұрсұлтан Тілектес
