Алматыда Аналар кеңесіне арналған модульдік оқыту бағдарламасы өтті
Алматыда Аналар кеңесіне арналған модульдік оқыту бағдарламасы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылған жиынға еліміздің әр өңірінен келген Аналар кеңесінің жетекшілері қатысты. Бағдарлама қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ бұл шара кеңес мүшелерінің кәсіби және тұлғалық дамуына бағытталды дейді ұйымдастырушылар. Жиында медиация, отбасылық құндылықтарды нығайту, этносаралық қатынастар мәдениеті, көшбасшылық, әлеуметтік жобаларды басқару сынды өзекті тақырыптар қамтылды.
Айжан Қиясова, Аналар кеңесінің мүшесі:
Бізге қоғамның белсенділері, сарапшылар, ғалымдар келіп жаңа тәсілдермен бөлісіп жатыр. Бұл жерде социологиялық жаңа ізденістер, гендерлік бағытталған бюджет жөнінде ақпаратпен бөлісті. Бұл уникалдық курс деп айтуға болады. Өйткені бұл жерде өзіміздің жұмысымызға керекті оқулық, заманауи керекті ақпарат алып жатырмыз.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан»: Қарағанды облысында мектеп оқушыларына арналған экологиялық танымдық дәріс өтті
23.01.2026, 10:31
Қостанай облысында соңғы 4 жылда «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқасында 400-ге жуық бала дүниеге келді
23.01.2026, 10:29
Ақмола облысында балықшылар мен аңшыларға 8,5 млн теңге айыппұл салынған
23.01.2026, 10:26
Медицина университетінің студенті ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды
23.01.2026, 10:01
Президент: Цифрландыру халыққа қызмет етуі керек
23.01.2026, 10:01
Сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы тұрғын үйді онлайн рәсімдеуге болады
23.01.2026, 10:00
Ресейде қатерлі ісікке қарсы жаңа дәрі шығарылды
23.01.2026, 09:59
Венесуэллада денсаулық сақтау саласының қызметкерлері Мадуроның босатылуын талап етті
23.01.2026, 09:58