«Гонконг – Дели» бағытындағы ұшақ техникалық ақауға байланысты кері қайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Гонконг – Дели» бағытындағы ұшақ техникалық ақауға байланысты кері қайтты

16.06.2025

Өткен аптада ғана бір ұшағы құлап, 241 адам мерт болған «Эйр Индия» компаниясының рейсі Делиге жете алмады. Ол да «Boing» компаниясы жасаған «Dreamliner» ұшағы екен. Бүгін Гонконгтан көкке көтерілген әуе кемесі бір сағаттан соң авиациялық терминалға оралған. Пилот мұндай шешімді техникалық ақауды байқағаннан кейін қабылдапты. Қазір қауіпті жағдайдың себебі тексеріліп жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу