Израиль Тегеран аспанын бақылауға алғанын жариялады
Иран мен Израиль арасында зымырандық шайқас жалғасып жатыр. Осыдан бірер сағат бұрын Израиль Тегеран аспанын толық бақылауға алғанын жариялады. Сонымен қатар ЦАХАЛ Ислам Республикасының ракета ұшырғыштарының үштен бірін жойғанын хабарлап отыр.
Айта кетсек, жұмадан бері Иранда Израильдің шабуылдарынан 224 адам мерт болған.
Израильде де құрбандар саны көбейіп келеді. Бұл мемлекетте кейінгі 4 күнде 24 адам қаза тауып, талайы жараланды. Сонымен қатар Иран ракеталарының соққысынан Израильде көптеген ғимарат қирап, 300-дей пәтер босап қалған. Халықаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл жағдай Израильдің әйгілі әуе қорғанысы жүйесіне деген сенімді сетінете бастағандай.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түрлі кәсіпті меңгерген қыз-келіншектер
07.03.2026, 20:19
«Қарағанды-Жезқазған» тасжолының құрылысы келесі айда басталады
07.03.2026, 20:11
Халық пікірі: Жаңа Конституция жобасы – мемлекет дамуының жаңа кезеңі
07.03.2026, 20:09
Құтқарушылар ауруханаға жете алмаған сәбиге көмекке келді
07.03.2026, 20:09
Қыз-келіншектер ердің ісін игеріп, өндірістің ауыр жүгін көтеріп жүр
07.03.2026, 20:06
«Су тасқыны-2026» айлығы жарияланды
07.03.2026, 20:06
4700-ден астам қазақстандық елге оралды
07.03.2026, 20:06
Әскери саладағы әйелдер ардақталды
07.03.2026, 20:05