Алматыда үздік кинематографтар бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда үздік кинематографтар бас қосты

18.05.2018

Алматыда Ресей мен Қазақстанның кинематография саласының үздіктері бас қосты.

Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының еліміздегі күндерінің аясында өткен мәдени шарада екі елдің ғалымдары өзара тәжірибе алмасты. Себебі, тараптар киногерлерді оқытуда тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Ресейлік мамандар еліміздегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қолға алынған жұмыстарға жоғары баға берді.

Өйткені, бұл бағдарлама бойынша болашақта байырғы салт-дәстүрлерді жаңғыртып, тарихи туындыларды көбейту көзделген. Жалпы, тарихи кинотуындылар арқылы жастардың патриоттық сезімін ояту бүгінгі күннің ең өзекті мәселелеріне айналып отыр. Сондықтан, екі елдің арасындағы достық қарым-қатынасты арттыратын мәдени шаралар легі көбеймек. Ал, кино саласының мамандарын дайындауда да өзара тәжірибе алмасудың жаңа жолдары ұсынылды. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу