Талдықорғанда «Табиғаттан экосыйлықтар» шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Табиғаттан экосыйлықтар» шарасы өтті

10.06.2025

Талдықорғанда «Табиғаттан экосыйлықтар» атты экологиялық акция өтті. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған игі шараға 20-дан аса адам қатысты. Дені жастар. Олар қаланың орталығын күл-қоқыстан тазартып, гүл тұқымдары салынған «экоконвертті» тұрғындарға тарту етті. «Бұл - әдеттегі тазалық жұмыстары емес, табиғатты аялау мен сақтауға деген ортақ жауапкершілікті сезіну», - дейді ұйымдастырушылар.

Ақерке Қызайбаева, Қазақстан студенттер альянсының облыстық филиалының төрайымы:

Біз бүгінгі «Таза Қазақстан» акциясы аясында 40 қорапшадағы тұқымды таратқан болатынбыз. Бұл бізде қала тұрғындарын экомәдениетке баулуға және қоршаған ортаға деген махаббатын қалыптастыруға үйретеді.

Люда Старцева, Талдықорған тұрғыны:

Гүл көшетін егемін. Гүл дегеніміз адамға әдемілік, қуаныш сыйлайды. Біз экологиялық мәдениетті қалыптастыруымыз керек. Менің ойымша, әр үйдің ауласында гүл болуы керек.

Дамир Нұрмұхамет

Хабарламаларға жазылу