Арқалықта тері өңдеу зауыты іске қосылды
Арқалықта тері өңдеу зауытының жұмысы қайта жанданды. Қытайлық инвестор кәсіпорынға 6 млрд теңгеден аса қаражат құйған. Жұмыс кезең-кезеңмен іске аспақ. Қазір бар құрылғылар іске қосылып, жылына 12 мың дана өнім шығару көзделіп отыр. 2 жылда өнім көлемі 3 есеге артпақ. Жергілікті тұрғындарға 70-ке жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Әмірхан Асанов, Арқалық қаласының әкімі:
Қазір кәсіпорын тері сатып алу үшін жақын маңдағы барлық ет комбинатымен келісімшартқа отырды. Жұмыстың алдыңғы легі басталып кетті. Олар теріні өңдеп, шикізатты өз еліне шығарады. Бұдан бөлек 2021 жылы ашылған тері қабылдау пунктіне өнім тапсырған кәсіпкерлер де келісімшарт жасасып жатыр. Сондай-ақ кәсіпорынға қарасты тігін цехын да қалпына келтіру мәселесін қарастырып жатырмыз.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16