Болгарияның теңіз порттары Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне қосылуы мүмкін
Болгарияның Бургас және Варна теңіз порттары Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне қосылуы мүмкін. Болгария Президенті Румен Радевтың Қазақстанға ресми сапары кезінде осындай келісім жасалды. Бұл порттарға жеткізілген тауарды Еуропаға, Жерорта теңізі арқылы Африка және Атлант мұхиты кеңістігіне оңай өткізуге мүмкіндік бермек. Жалпы соңғы жылдары екі ел арасындағы тауар айналымы қарқынды өсіп келеді. Төрт айдың ішінде 83 млн доллардың саудасы жасалды. Ал былтыр бұл көрсеткіш төрт есе артып, 375 миллион долларға жеткен. Келіссөздер кезінде алыс-берісті арттыра түсуге мол әлеует бар екені айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстан экономикалық ынтымақтастықты әртараптандыруға және энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау мен туризм салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бейіл.
Румен Радев, Болгария Президенті:
Болгария Қазақстанды Орталық Азиядағы басты стратегиялық серіктесі санайды. Табыстың кілті – ықпалдастықта. Екі ел, сондай-ақ Еуропа Одағы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты дамытуда мемлекеттеріміздің стратегиялық тұрғыдан орналасуына арқа сүйеуіміз қажет. Бұл Азия мен Еуропаны байланыстыруда маңызды рөл атқарады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03