4 мың адам бір мезетте «Таза Қазақстан – таза болашақ» флешмобын тамашалайды
4 мың адам бір мезетте «Таза Қазақстан – таза болашақ» флешмобын тамашалайды. Футболдан Қазақстан және Андорра құрамаларының матчына жиналғандар үлкен экраннан республикалық экологиялық акция қатысушыларының биіне куә болады.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Дәл қазір «Астана Аренада» 21 жасқа дейінгі футболшылар арасында Қазақстан және Андорра Ұлттық құрамаларының матчшы өтіп жатыр. Бұл 2027 жылы өтетін Еупопа чемпионатына іріктеу ойыны. Кездесуді қазір стадионнан 4 мың жанкүйер тамашалап отыр. Шамамен 15 минуттан кейін 1-тайм аяқталады. Үзілісте жиналғандарға «Таза Қазақстан – таза болашақ» атты флешмоб көрсетіледі. Жалпы, бұл шара республика бойынша өтіп жатқан экологиялық акция аясында ұйымдастырылып отыр.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Матч біткен соң 4 мың жанкүйерден қалған қоқыс-қалдықтарды волонтерлер мен қала тұрғындары жинап алады. Айта кету керек, былтыр «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 4 млн-ға жуық азамат 1 млн тоннадан астам қоқыс жинады және 3 млн түп ағаш отырғызған.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыОРК дауыс беруге қатысты мәлімет жариялады
15.03.2026, 13:06
Алматы облысында миллионнан аса адам дауыс бере алады
15.03.2026, 13:03
Президент республикалық референдумда дауыс берді
15.03.2026, 13:00
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон жалғасуда
15.03.2026, 12:08
Елордалықтар республикалық референдумда ерекше белсенді
15.03.2026, 12:06
Референдум тәуелсіз байқаушылар назарында
15.03.2026, 12:05
Семейде қоғамдық көлік тегін қатынауда
15.03.2026, 12:04
Respublica партиясының депутаттары азаматтық ұстанымын білдірді
15.03.2026, 12:03