Талғарда ауқымды эконауқан өтті
«Бір адамның ізгілікті ісі – мыңға үлгі». Эколог күніне орай Алматы облысы Талғар ауданында да ауқымды эконауқан өтті.
Жазира Оразқызы, тілші:
Бүгінгі экологиялық акция менің жанымда тұрған жас өрендермен бірге мынадай пластик ыдыстарды арнайы жәшікке тастау ациясынан басталды. Мінеки, бәріміз тастаймыз. Осылайша балалар қалдықты сұрыптау мәдениетін көрсетіп жатыр.
Жазира Оразқызы, тілші:
Эконауқан аясында менің көзіме түскен ерекше жобалардың бірі осы. Киізден жасалған кітап, отандық өндірістегі инновация саналады. Еліміздегі ең алғашқы жобаның авторы – Зухра ханым.
Зухра Серікқызы, әлеуметтік кәсіпкер:
Экологиялық таза, баланың дамуына ғана әсер етпей, қол моторикасын жақсартады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдануға болады.
Жазира Оразқызы, тілші:
Ж.Нәжімединов - «Менің Қазақстаным». Осындай құнды еңбектерден тұратын, «Кітаппен бөліс, біліммен бөліс» жобасы – осы шарадағы маңызды бастаманың бірі. Оның құндылығы неде?
Жанерке Биғазинова, «Алматы» мемлекеттік табиғи қорығының бөлім басшысы:
Мысалы, бір кітапты басып шығу үшін 15 кітап керек екен. Кем дегенде 1 тонна қағаз өндіру үшін 12-24 ағаш кесілуі керек. Өсіп шығуы үшін 10 жыл қажет. Буккорсиң – кітаппен алмасу орман алқаптарын сақтауға 15 пайыз септігін тигізеді деген ойдамыз.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
10.04.2026, 20:10
Президент: «Таза Қазақстан» – қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған жоба
10.04.2026, 20:08
10 жас ғалымға пәтер кілті табысталды
10.04.2026, 20:06
Президент ғылым саласының мамандарын марапаттады
10.04.2026, 20:03
Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
10.04.2026, 20:01
Ғылымға қолдау - болашаққа инвестиция
10.04.2026, 18:35
Болашақ ойындары-2026 : Волонтерлерді іріктеу басталды
10.04.2026, 18:28
Түркиядағы студенттер бауырсақ пісіріп сайысты
10.04.2026, 17:35