Базалық мөлшерлеме 16,5% деңгейінде сақталады
Базалық мөлшерлеме 16,5 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов баспасөз жиынында айтты. Шешім елдегі экономикалық жағдайды ескере отырып қабылданған. Мамыр айында инфляция 11,3%-ға жетті. Тұтынушылық несиелерге сұраныстың артуы да инфляцияға әсер етіп отыр. Сондай-ақ сыртқы жағдай тұрақсыз. Әлемде азық-түлік қымбаттап, мұнай бағасы арзандады.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
Жаңартылған бағалау деректеріне сүйенсек, биыл инфляция 12,5%-ға дейін көтеріледі. Ал 2026 жылы бұл көрсеткіш 9,5-11,5% аралығында болуы мүмкін. Болжамдар азық-түлік бағасының өсуі мен халықтың тауарлар мен қызметтерге сұранысының жоғары болуына байланысты қайта қаралды. 2027 жылға инфляция 5,5-7,5% дейін түседі деп жоспарланған. Ұлттық Банктің қатаң ақша-кредит саясаты біртіндеп жүзеге асып, үкімет те шығындарын азайтқан жағдайда, инфляция баяулап, мақсатты деңгейге жақындаймыз.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16