Оралда қалдықтан жасалған бұйымдар көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда қалдықтан жасалған бұйымдар көрмесі ашылды

05.06.2025

Оралда атаулы күнге орай оқушылардың тұрмыстық қатты қалдықтардан жасаған бұйымдар көрмесі өтті.

Балалар қағаз, пластик, қолданылған мата-шүберектен әртүрлі композициялық жобалар ұсынды. Негізінен ғаламдық жылынудың алдын алуға үлес қосу, жаңа қуат көздерін өндіру, қалдықсыз өнеркәсіп тақырыптарын қамтиды. «Экологиялық мәдениет» бөлімінде 10 мыңнан аса шәкірт білім алды. Экологтар күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы қорытындыланды. Облыста экологиялық іс-шараға 80 мыңнан аса адам қатысып, аула, саябақ, гүлзарларды тазартты. Мерекеге орай сала үздіктері марапатталды. Кейін мамандар «Мен эколог боламын» деген жас ұрпақ өкілдерімен тілдесіп, жобаларымен танысты.

Жасмин Мақсат, оқушы:

Мұның бәрі тұрмыстық қалдықтардан жасалған. Механикалық энергияны қуат көзіне айналдыру жобасы. Адам көп жүретін жерлерде осындай құрылғылар орналастырамыз. Қозғалыс болған сайын энергия осы құрылғыға жиналады да, біз оны көше шамдарына, уай-файға қолдана аламыз.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу