Дәрі-дәрмекті тіркеу 100 күнге қысқарды
Қазақстанда дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды тіркеу енді «Бір терезе» қағидаты бойынша бар болғаны 100 жұмыс күнінде рәсімделмек. Бұған дейін тіркеу мерзімі 200 күннен асатын. Пилоттық жоба сараптамалар мен рұқсат алу рәсімдерін біріктіріп, оларды бір мезгілде жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде дәрілік заттар нарыққа әлдеқайда жылдам жетеді, ал артық қағазбастылық пен уақыттан айырылу азаяды.
Ержан Нұрлыбаев, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
Қазіргі уақытта Цифрландыру министрлігімен бірлескен бұйрық аясында бұл композиттік қызметті пилоттық режимде іске асыру жүргізілуде. Аталған қызмет аясында ішкі үдерістерді оңтайландыру арқылы дәрілік заттарды 100 күн ішінде тіркеу тәртібі енгізіледі.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрық портының әлеуеті артып келеді
09.06.2026, 20:16
Жол-көлік апатынан 5 жаяу жүргінші зардап шекті
09.06.2026, 20:12
Филиппинде зілзаладан кейін 10 мыңдай отбасы үйлерін тастап кетті
09.06.2026, 20:11
Шетелден келетін туристер саны 4 миллионға жетуі мүмкін
09.06.2026, 20:09
Сарапшы: Шекті соманың өсуі – болашақ зейнетақының кепілі
09.06.2026, 20:08
Есірткі жарнамасына қарсы күрес күшейді
09.06.2026, 20:07
Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
09.06.2026, 20:06
Сталкинг пен некеге мәжбүрлеуге қарсы күрес күшейеді
09.06.2026, 20:04