Елімізде 300-ге жуық жалған кәсіпорын анықталған
Елімізде 21 мыңға жуық өңдеу кәсіпорны тіркелген. Бірақ олардың арасында мемлекеттен қолдау алып, іс жүзінде ештеңе өндірмейтіндер бар. Мұндай кәсіпкерлерге жауапкершілік қарастырылған ба?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Елімізде 21 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген. Оның арасында жалған кәсіпорындар болуы мүмкін. Бүгінге дейін 300-ге тарта кәсіпорынның ештеңе өндірмейтіні анықталыпты. Өкінішке қарай оларға ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған дейді тиісті министрлік өкілдері. Осындай олқылықтарға жол бермеу мақсатында қазақстандық тауар өндірушілердің тізімі жасалып жатыр. Жүйе күзде іске қосылады. Реестрге кіру үшін тауар өндірушілер бірқатар тексерістен өтеді. Тізімге енгендер мемлекеттік сатып алуларға қатыса алады және түрлі қаржылық қолдауға да ие болады. Биылдан бастап мемлекеттік сатып алу қағидалары отандық тауар өндірушілерінің пайдасына өзгертіледі. Мәселен аванс мөлшері 50% дейін өседі. Сондай-ақ төлем мерзімін 10 жұмыс күніне дейін қысқарту, 3% мөлшерінде шартты жеңілдік беру және тауар өндірушілер тізіліміне енгізу процесін автоматтандыру сынды артықшылықтар қарастырылып отыр.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16