Министр: Кешікпей картоп арзандайды
Түркістан облысынан картоптың биылғы өнімі сатылымға шыға бастады, оның келісі 200-300 теңге маңайында болады. Сондай-ақ 50 контейнер картоп импортталды. Бұл бағаның төмендеуіне алып келеді. Мәжілісте өткен Үкімет сағатына қатысқан Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осылай деді. Оның сөзінше, былтыр Беларусь, Ресей және Өзбекстанда картоп алқаптарының өнімділігі төмен болған. Сондықтан қазақстандық диқандарға көкөністің аталған түрін экспорттауға тыйым салынған.
Серік Жұманғарин, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:
Диқандар картопты жақсы бағаға сатқысы келеді. Яғни, сырт мемлекеттерге экспорттауы мүмкін. Салдарынан өзімізде жетіспеушілік болады. Сондықтан біз бағаны ұстап тұра алмаймыз. Сырттан әкелсек, көкөністің құны шарықтап кететіні айтпаса да белгілі. Десе де алдағы уақытта картоптың бағасы аз да болса арзандайды.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03