Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысы өтті
Алматыда Қазақстан мен Өзбекстанның Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысы өтті. Оған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нуриддин Исмоилов және бір топ депутат қатысты. Жиында екіжақты стратегиялық әріптестікті тереңдету, сауда және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту жолдары талқыланды. Сонымен қатар, ІТ, жасанды интеллект, логистика және су ресурстарын бірлесіп пайдалану секілді жаңа бағыттар айқындалды. Сондай-ақ, тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымын 2030 жылға қарай 10 миллиард долларға дейін ұлғайтуға қажетті заңнамалық шараларды жүзеге асыру жайын сөз етті.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Екі ел президенттерінің саяси ерік-жігері мен даналығының арқасында қазақ-өзбек байланысы бұрын-соңды болмаған биік деңгейге жетті. 100-ден астам келісімнен тұратын берік шарттық-құқықтық база қалыптасты. Олар біздің қарым-қатынастарымыздың барлық саласын қамтиды. Ынтымақтастықтың жаңа форматының институционалдық негізі қаланды. Президенттеріміз ықпалдастықтың басым бағыттарын айқындап, оларды ілгерілету үшін нақты міндеттер қойды.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жазушы В.Михайловты мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 13:30
Туризмге 2 жылда ₸2,2 трлн инвестиция тартылған
07.09.2026, 13:27
Қорғалжын қорығына м³40 млн су жіберілді
07.09.2026, 13:24
5 мың шақырымдай теміржол салынады
07.09.2026, 13:21
Ембідегі 125 жыл болған вокзалды жаңғыртты
07.09.2026, 13:18
Астанада ғарыш саласына қатысты форум басталды
07.09.2026, 13:15
Қытай ШЫҰ мүше елдермен қорғаныс саласын күшейтпек
07.09.2026, 13:12
Индонезиядағы жанартаудың салдарынан рейстер тоқтады
07.09.2026, 13:09