«Қаллеки» театры «Отеллоны» сахналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаллеки» театры «Отеллоны» сахналады

12.04.2018

«Қаллеки» театры Шекспирдің «Отеллосын» сахналады. Қойылымның премьерасы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Спектакльдің режиссері - Қазақстанның Халық әртісі Талғат Теменов. Отеллоны Қуандық Қыстықбаев, Дездемонаны Ақмарал Танабаева, ал Яго рөлін  Нүркен Өтеуілов сомдады.

Туынды  Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арнап қойылды. Оны дайындауға 4 айға жуық уақыт кеткен. Бір адамның тағдыры арқылы күллі адамзаттың жан дүниесін танытқан Шекспирдің шығармасын тамашалауға келгендер көп болды. Сахнаның безендірілуі де қойылымға сай. Айта кетейік, «Отеллоны» қазақ тіліне аударған - ұлы жазушы Мұхтар Әуезов еді.  

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу