Несие кешірудің жаңа механизмі іске қосылады
Елімізде несие кешірудің жаңа механизмі іске қосылады. Бүгін Сенатта тиісті заңнамаға енгізілген түзетулер қаралды. Бүгінде қолданыстағы норма бойынша мұндай несиелер тек сот шешімімен ғана есептен шығарылады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, алаяқтық жолмен алынған қарыздарды сотқа дейін есептен шығарудың жаңа тетігі енгізіліп жатыр. Енді банктер немесе микроқаржы ұйымдары мұндай несиені сотқа дейін есептен шығаруға, яғни кешіру міндеттеледі. Алайда азамат алаяқтық несиені төлеуді бастап кетсе немесе толық өтеп қойған болса, бұл қаражат қайтарылмайды.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Қаралған заң Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру мақсатымен әзірленген. Құжат еліміздің қаржы секторының құқықтық реттелуін кешенді түрде жетілдіруге бағытталған ауқымды түзетулер топтамасын қамтиды.
Азамат Нұғыманов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16