Алматыда Дидахмет Әшімханұлының көптомдығы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Дидахмет Әшімханұлының көптомдығы жарық көрді

10.04.2018

Алматыда «Алаш» сыйлығының лауреаты, көрнекті жазушы Дидахмет Әшімханұлының көптомдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді.  

Оған қаламгердің әңгімелері мен повестері және әлем әдебиетінің алыптарын қазақ тілінде сөйлеткен аударма еңбектері топтастырылған. Қалың оқырман мен ақын-жазушылардың емен-жарқын әңгімелесуіне арқау болған рухани басқосуда Дидахмет Әшімханұлының көзін көрген достары мен шәкірттері туындылардың маңыздылығына тоқталды. Өйткені, көреген жазушы бүгінгі қоғамдағы түйткілді мәселелерді көп жыл бұрын көркем шығарма арқылы жеткізген.

Тіпті, оның шешілу жолдарын да асқан шеберлікпен жазған. Сондықтан, «Қаламгердің әр еңбегі - аса маңызды», - дейді, оқырмандар.  

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ  

 

Хабарламаларға жазылу