«Қазақстан – Италия» іскерлік форумында 180 млн еуроның келісімі жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан – Италия» іскерлік форумында 180 млн еуроның келісімі жасалды

28.05.2025

Қазақстан мен Италия арасындағы сауда-саттық көлемі 20 млрд долларға жеткен. Бүгін Астана Халықаралық форумы аясында өткен екі елдің іскерлік кездесуінде Премьер-Министр Олжас Бектенов осылай деді. Бүгінгі бизнес жиын екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдете түспек. Соның дәлелі ретінде тараптар 180 миллион еуроға келісім жасап, 10 меморандумға қол қойды. Жобалар логистика, машина жасау, агроөңдеу, цифрландыру және «жасыл» энергетика салаларын қамтиды. Сондай-ақ екі елдің өндірісін дамыту көзделіп отыр. Мәселен, «Италиямен бірлесе отырып Қазақстанда жасалған» деген атаумен бірқатар өнім нарыққа шықпақ. Осы мақсатта «Түркістан облысында қызанақ өсіретін зауыт салынады. Осы келісімшарт негізінде шамамен 150 шақты жұмыс орны құрылады. Италия Еуропалық Одақ елдері арасында Қазақстанның ең ірі инвесторларының бестігіне кіретінін айта кетейік.

Алтынай Мұқанова, «Kazakh invest» ҰК» Италиядағы өкілі:

Италия тарабы Оңтүстік өңірде қызанақты өңдеуге ниеттеніп отыр. Оны Еуропалық стандарт бойынша шығарып, сосын Италияға апарып, консервациялауды жобалап жатырмыз. Италия әлемде ТОП-3-ке кіреді, көкөніс, жеміс-жидектерді консервілеу бойынша.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу