Қазақстанның зейнетақы жүйесі әлемдегі үздік отыздыққа кірді
Қазақстанның зейнетақы жүйесі әлемдегі үздік 30 жүйенің қатарына енді. Бұл туралы Ranking.kz ақпараттық-аналитикалық порталы жазды. Талдауды ең ірі сақтандыру компаниялардың бірі Allianz жүргізді. Барлығы 71 елдің зейнетақы жүйесі зерттелген. Биыл Қазақстанға 3,5 деген баға беріліп, рейтингте 8 сатыға көтерілді. Яғни қазір 26-орында тұр. Көптеген дамыған және дамушы елдерді озды. Оның ішінде Қытай, Түркия, Испания, Қатар, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты экономикасы озық мемлекеттер бар. Рейтингтің басында Дания, Нидерланды, Швеция орналасқан. Ал соңғы орында Лаос, Малайзия және Шри-Ланка тұр. Айта кетейік, 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 2 жарым миллион зейнеткер бар.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16